KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885138
2019 жылы:  18853
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.01.2018

   «Өнер» бөлімінің оқу залында дирижер, Қазақстанның, Ресейдің және Татарстанның халық әртісі Фуат Шәкірұлы Мансұровтың (1928-2010) 90 жылдығына арналған «Әлемге әйгілі дирижер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


   Ф.Ш. Мансұров 1928 жылы 10 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 1950 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы  Қазақ мемлекеттік консерваториясы)  А.Жұбанов пен И.А. Зактың дирижерлік сыныбы бойынша бітірген, одан кейін П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында Л.М. Гинзбургтың сыныбы бойынша оқыды. 1949 - 1952 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің, 1953 - 56 жылдары Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрының, Қазақ радиосы симфониялық оркестрінің дирижері болды. 1951 жылдан  Алматы консерваториясында, 1971 жылдан Мәскеу консерваториясында сабақ берді.    
   1958 жылы Қазақ КСР мемлекеттік симфониялық оркестрін құрды және басқарды, 1962 жылға дейін бас дирижері болды, оның құрамымен Германияда, Польшада, Италияда және т.б. шет елдерде өнер көрсетті. 1958 жылы оған «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді. 1963 жылы Қазақтың опера және балет театрында П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин», М. Төлебаевтың «Біржан мен Сара», А.Қ. Жүбанов пен Л.А. Хамидидің «Абай», С. Мұхамеджановтың «Айсұлу», Ғ.А. Жұбанованың «Жиырма сегіз» және т.б. опералық спектакльдеріне дирижерлік етті. 1966 жылы 2-ші Бүкілодақтық дирижерлер байқауының лауреаты болды. 1967 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді. 1968 жылдан Татар опера және балет театрының, 1969 жылдан Үлкен театрдың (Мәскеу) бас дирижері болды. Сондай-ақ, оның солистермен және Үлкен театр оркестрімен жасаған Н.А. Римский-Корсаковтың «Царская невеста» операсының жазбасы әнқұмарларға кең тарап, жоғары бағаланған. 1989 жылы Татарстан Республикасы мемлекеттік симфониялық оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі болды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар, кітаптар, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан дирижер, педагог, профессор, Қазақстанның, Ресейдің және Татарстанның халық әртісі Ф.Ш. Мансұровтың  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 
   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование