KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057896
2019 жылы:  123431
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.01.2018

   2017 жылғы 12 қаңтарда  Кітапханатану залында ҚР Ұлттық кітапханасының Жастар кеңесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында  «Бүгінгі жастар – ертеңгі болашағымыз» атты дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының Ғылым жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова ашты.
   Іс-шара барысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауы талқыланып, әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасу, өз ой-пікірлерімен, алға қойған жоспарларды бірлесіп өткізу және т.б. мәселелер қозғалды.
   Іс-шараға Орталық ғылыми кітапхана, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасы, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана, Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасынан келген әріптестер қатысты.

     

                                        

 

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование