Мерзімді басылымдар оқу залында Қазақстанның астанасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегi - Астана» атты тұрақты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Елорданы ресми көшіру рәсімі 1997 жылғы желтоқсанында өтті. Президент Жарлығымен 1998 жылғы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана «бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Қауымдастығының мүшесі. Астана тәуелсіздік жылдарында әлемдік және саяси шешімдердің орталығы болып, ЕҚЫҰ Саммиті аясында әлем мемлекеттері басшыларын жоғары деңгейде қабылдады. Астананың басты жобаларының бірі - бүкіл әлемнің жүзден астам елі қатысқан EXPO - 2017 халықаралық көрмесін өткізу болды. Бүгінде жаңа астананы Н.Назарбаевтың саяси жетістігі деп атауға болады. Мемлекет Басшысының белсенді және жемісті халықаралық іс-әрекетінің арқасында Астананың аты әлемде әйгілі болды. Астанада бірқатар шетелдік дипломатиялық және халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді. Бүгінде Астана Еуропа мен Азияның, Батыс пен Шығыстың үздік ерекшеліктерінен үлгі алған бірегей қала деп танылды. Біздің астанамыздың ерекшелігі – халық үшін салынған бірегей ғимараттар мен құрылыстары адамдар үшін жылулық пен қамқорлыққа толы. Жаңа астананы құрушы – олар, халқымыздың жақсы дәстүрлерін жалғастыратын жас астаналықтардың өсіп келе жатқан ұрпағы, туған қаланың шынайы патриоттары. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Болашақ ұрпақтың Астанасы, біз оны бүгін қалай құратын болсақ, келешекте солай қалыптасады. Елорда – ол, ең алдымен адам ресурстары. Елордалық адамның айрықша ішкі әлемі, жоғары мәдениеті, тамаша білімі және тәрбиесі болуы керек. Мұның бәріне бала кезінен тәрбиеленуі керек. Әрбір тұрғында астанаға деген құрмет пен сүйіспеншілік рухын сіңіру қажет ». Астана республиканың әлеуметтік-экономикалық саласын нығайтуға ғана емес, сондай-ақ мәдени және рухани өміріне де зор үлес қосады. Әлемдегі кез-келген қаланың құрметіне, «Ақ Орда» Президент резиденциясының ғимараты, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Астана-Бәйтерек» монументі және «Қазақ елі» ескерткіштері, су-жасыл бульвар және т.б. сияқты бірегей сәулет құрылыс ғимараттарын салуға болады. «Астана-Бәйтерек» монументінің орналасуы мен құрылымы ежелгі көшпенділердің космогониялық көріністерін білдіреді. Әлемде теңдесі жоқ осы бірегей құрылымды жасау идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Ол - жаңару символы, Астана символы, Қазақстанның символы. Көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының архивтік қорынан алынған материалдар, танымал жазушылар мен журналистердің, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлердің мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары берілген.
Сіздерді көрмеге шақырамыз! |