KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885167
2019 жылы:  18882
бүгiн:  1
қазiр:  70
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.01.2018

   Әлем әдебиеті залында «Рухани  жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  «Қазақстан жазушылары әлем тілдерінде» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ әдебиеті классиктерінің, әлемдік  қауымдастыққа  ұлттық  және әдеби шығармашылықты ашатын, шет тілдеріне аударылған шығармалары ұсынылған.

   Көрменің мақсаты:  қазақстандық жазушылардың әр түрлі  әлем халықтары тілдеріне аударылған  шығармаларын оқырмандарға таныстыру, кітапхананың бай қорын ашу, оқырмандардың назарын аудару және заманауи әдебиеттерді оқуға   деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
   «Қазіргі заманғы қазақстандық әдебиет  жаһандану әлемінде»  жобасын іске асыру басымдықтарының бірі Қазақстанның қазіргі заманғы жазушылары мен классиктерінің шығармаларын шет тілдерге аудару. Осы жобаны іске асыру Қазақстанның тәуелсіздік жылдары құрылған, кейіннен дүниежүзілік мұраның бір бөлігіне айналатын ұлттық мәдени құндылықтарды әлемдік сахнаға алып шығуға мүмкіндік береді.    Қазақстан әдебиетінің ең үздік  үлгілерінің алға ілгерілеуі тұрақты қауымдастықтардың және Қазақстан туралы,  біздің ұқсастығымыз және тұтастай алғанда мәдениеттің дамуы туралы көзқарастың қалыптасуына  ықпал етеді.
   Бұл – отандық мәдениеттің дамыуындағы ең ауқымды жоба. Тәуелсіздік жылдары әлем тануға тұрарлық, Қазақстанда жарық көрген  әдеби шығармалар аз шыққан жоқ.
   Қазақстан жазушыларының  шығармашылық мұрасын: өлеңдер, романдар, поэмаларын  әлемдік әдебиеттің баға жетпес қазынасына жатқызуға болады. Көптеген танымал шығармалар  қазірдің өзінде  шет тілдеріне аударылған.
   Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев, Олжас Сүлейменов сияқты қазақ әдебиеті классиктерінің  және басқа да жазушылардың әлемдік мұрасы  қазақ әдебиеті тарихының мәні мен тереңдетілген білімінің, әлем халықтары тіліндегі қазақстандық әдебиеттану дамуының заманауи тенденцияларының ерекше  маңызды жинақтаушы көзі болып табылады.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан 125-ке жуық қазақстандық  авторлардың ағылшын, француз, неміс, түрік, поляк және басқа әлем тілдеріндегі  шығармалары ұсынылған. 
   Көрмеде ұсынылған туындылар – бұл жылдық кітап сатылымының көшбасшы кітаптары, әртүрлі әдеби сыйлықтардың лауреаттары. Көрме үнемі жаңартылып және толықтырылып отырады.
   Барлықтарыңызды кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование