KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885271
2019 жылы:  18986
бүгiн:  1
қазiр:  71
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.01.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының  Депозитарийі қызметі аясында белгілі қазақстандық ақын, эссеист, прозаик Адольф Арцишевскийдің 80 жасқа толуына орай «Мудрость и сила таланта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Адольф Альфонсович Арцишевский – 1938 жылы 17 қаңтарда  
Прокопьевскте ( Кузбасс) дүниеге келген.  Қаз.МУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және  М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы  Жоғарғы курсын бітірген.
(Мәскеу,1981). Жазушылар одағы, ПЕН клуб, Журналистер одағы, театр қайраткерлері және Кинематографистер одақтарының мүшесі.
   «Жазушы» баспасында редактор,  жасөспірімдер театрында және  М.Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театрында  әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Қазахфильм» киностудиясында «Тоғысқан тағдырлар» атты телехикаяның  және «Новая эра» журналының бас редакторы болып қызмет етті.
   А. Арцишевский – «Ищу наследство», «Земля, на которой живем», «Нескучные уроки», «Как в саду при долине», «Письма на берёсте», «Простые истины», «Жить без тебя не могу. Стихи и проза о любви», «Полк особого назначения», «День среди лета», «Этюды о врачевателях и фармацевтах», «Портрет современника в интерьере эпохи», «Неукротимая эпоха», «Предчувствие любви», «Однажды после войны» атты өлеңдер, повестер мен романдардың авторы. Ол жазушы, журналист Бигелді Ғабдуллин туралы деректі роман-эссе жазды.
   І.Есенберлин, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақов, Баққожа Мұқай, Дулат Исабеков шығармаларын қазақ тілінен орыс тіліне аударды. Олжас Сүлейменовтің "Аз и Я" (1975) танымал кітабының алғашқы  редакторы болды. 2004 жылдың желтоқсанында Лермонтов атындағы театрда Дулат Исабековтің (Михаил Булгаковтың өмірі жайлы) «Сети дьявола» (Адольф Арцишевскийдің аудармасымен) атты пьесасының тұсаукесері өтті.
   Қазіргі таңда «Central Asia Monitor» газетінде мәдени шолушы қызметін атқарады.
   Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының көркем шығармалары мен жазушы туралы әдебиеттер ұсынылған.       
   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование