KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885112
2019 жылы:  18827
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.01.2018
   "Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Қазақстанның көрнекті жазушысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Баққожа Сейдінұлы Мұқайдың 70 жасқа толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.             
 
   Баққожа Мұқай 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында дүниеге келген. Абай атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Қаз МУ-дің (қазіргі әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің) журналистика факультетіне түсті.
   1965 жылы Кеген аудандық «Коммунизм нұры» және Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газеттерінде еңбек жолын бастаған. 1970-1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990-1995 жылдары репертуарлық-редакциялық алқасында бас редактор, ҚР Мәдениет министрлігінің басқарма бастығы болған. 1995 жылдан бастап өмірінің соңына дейін «Парасат» журналының бас редакторы болды. Қазақ журналистикасының және кітап басып шығару ісінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан.
   Б.Мұқай «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» романдардың және «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты прозалық шығармалардың авторы.        Оның «Иірім» (1984), «Белая птица» (1988), «Бір түп арша» атты кітаптары орыс тіліне аударылып, жарық көрді. Қазақстандағы және шет елдердегі көптеген театрларда  «Иірім», «Қош бол, менің ертегім», «Сергелдең болған серілер», «Өмірзая», «Заманақыр», « Раушан гүлі», «Тоят түні», «Тәлкек тағдыр» атты пьесалары қойылды. 1982 жылы «Қош бол, менің ертегім» және «Аққу сазы» драмалық шығармалары үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағына ие болды, 1995 жылы Қырғызстанның әдеби сыйлығын иеленді, 2000 жылы «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.
   «Парасат» орденімен (2006) және бірнеше медальдармен марапатталған.
   Б.Мұқай 2008 жылы 6 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болды. 
  Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Б.Мұқайдың өмірі мен қызметі туралы  материалдар, көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған туыстары мен әріптестерінің мақалалары және естеліктері ұсынылған.
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование