KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885413
2019 жылы:  19128
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.01.2018

   2018 жылғы 25 қаңтарда Әлем әдебиеті залында Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің және Алматы қаласындағы  Ресей Федерациясы Бас консулдығының Ресей кітап бұрышына жыл сайынғы, дәстүрлі кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтті.

   Ресей кітап бұрышына дәстүрлі жаңа кітап топтамаларын жыл сайын табыстау рәсімі Ресейде студенттік күн ретінде атап өтілетін қасиетті Татьяна күні қарсаңында өтеді. 
   Кітапхана қорына  132 басылым, оның ішінде 28 ғылыми-көпшілік журналдар, 4 CD-ROM сыйға тарту етілді.   Кітап басылымдарының ішінде «История живописи», «История. География. Этнография», «Самые красивые и знаменитые» топтамалары бар. Оқырмандардың сұраулары бойынша оқушыларға арналған орыс тілі мен әдебиеті оқулықтары, сөздіктер мен анықтамалықтар, орыс тілінің мәтіндік тапсырмалары, ғылыми-көпшілік  «Литература», «Русский язык за рубежом» журналдары сыйға тартылды.  
   Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т. Сейдуманов, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің және Алматы қаласындағы  Ресей Федерациясының консулы И.В.Переверзева, кітапхана директорының орынбасары А.Х. Юсупова, сондай-ақ кеш конақтары мен тұрақты оқырмандар сөз сөйледі. Іс-шара қонақтары Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығына өздерінің ұсыныстары мен жылы лебіздерін білдірді.  


     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование