KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885328
2019 жылы:  19043
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.01.2018

   2018 жылғы 30 қаңтарда  Н.Дәулетова атындағы залда танымал жазушы және публицист Исмаилжан Иминовтың «Бірінші Қарғалы ...» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Автор бұл жолы өзінің туған жері – Алматы облысы, Жамбыл ауданының Фабричный ауылы (қазіргі Қарғалы ауылы) жайлы әңгімелейді. Мұнда 1910 жылы саудагер С.Г.Шахворостов Қазақстанның алғашқы Қарғалы мата зауытын салдырған. Сондай-ақ, мектеп пен аурухана ашқан. Бұдан басқа, ауылда 1886 жылдан бері, Сат Ниязбекұлының қаржысына салынған, республикадағы ең алғашқы мешіттердің бірі жұмыс істейді.
   Тарихи мекемелердің бірі №1 Қарғалы орта мектебі (қазіргі Қ.Әбсеметов атындағы мектеп) 2017 жылы 100 жылдығын атап өтті. Автор мектептің мұғалімдері мен оқушыларының тағдыры арқылы туған аулының тағдырын баяндайды.
   Бұл қарғалылықтардың өмірі, әртүрлі ұлттардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі туралы қызықты еңбек.  Кітап қызықты жанрлар бойынша: құжаттық жазба, лирикалық новеллалар және  авторлық естеліктерден тұрады.  И.Иминов  өзінің ұмытылған жүздеген жерлестерінің аттарын, сондай-ақ, Фабричный тарихы туралы қызықты деректерді қайта ашты.
   Исмаилжан Абдықадырұлы Иминов 1959 жылы 12 маусымда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Фабричный ауылында (қазіргі Қарғалы ауылы) өмірге келген. Ұзақ жылдар бойы өзі еңбек жолын бастаған №1 Қарғалы орта мектебінің директоры болды. 2009 жылдан бастап әңгімелер, жолжазбалар, эсселер, ертегілер, публицистикалық және ғылыми мақалалар жаза бастады. 300-ден астам еңбектердің авторы. 2014 жылы  Қашқарияға Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы «Ш. Уәлихановтың керуен жолымен» (ҚХР, СҰАА) экспедициясының ғылыми жетекшісі болды. Оның кітаптары қазақ, ұйғыр және ағылшын тілдеріне аударылған.
   И.Иминовтың «Бірінші Қарғалы ...» атты жаңа кітабы қалың оқырманға арналған.
   Еңбектері: "Моя Кашгария" (2014 ж.), "Родники моего детства" (2014 ж.), "По караванному пути великого Чокана" (2015 ж.), «Путешествие по Алтышару» (2016 ж.), «В Туве, где предков древний род…» (2016 ж.), «Арал: в поисках потерянного моря» (2017 ж.) және т.б.
   Кітаптың тұсаукесері рәсімін ҚР Ұлттық кітапхана директорының кітапханалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Қ.Оспанова ашты. Тұсаукесерге Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Д.Қ.Мыңбай арнайы келіп қатысты.
   Модератор – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Б.С.Оспанов.
   Тұсаукесер рәсіміне Алматы қаласының шығармашыл зиялылары, дипломатиялық корпус, Алматы қалалық ҚХА ұлттық мәдени орталықтары, И.Иминовтың жерлестері, туыстары мен жақындары қатысты.

        

     

     

 

 

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование