KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058449
2019 жылы:  123984
бүгiн:  1
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.01.2018

   2018 жылғы 25 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозийтарийі қызметі аясында Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің  орынбасары, Бүкіләлемдік татарлар Конгресі Ұлттық Кеңесінің төрағасы (Милли Шура)  Шайхразиев Василь Габтелгаязұлы келді. 

   Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары В.Г.Шайхразиев Алматыдағы татар қоғамдық ұйымдарының жетекшілерімен және бизнес-құрылым белсенділерімен кездесті. Іс-шараның ашылу салтанатын ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т. Сейдуманов ашты. Шайхразиев В.Г. отандастарды өздерінің шағын Отанымен байланыстарын жоғалтпауға және өз ана тілдерін ұмытпауға шақырды. Кездесу барысында Алматыдағы татарлардың өкілдері В.Г. Шахразиевке өздерін толғандыратын сауалдарын қойды.
   Алматы қаласындағы Мәдениет және мұрағат басқармасы жетекшісінің орынбасары
Д.А.Әлиев, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Н.Балғымбаев, Дүниежүзілік татарлар конгресі атқарушы комитетінің бірінші орынбасары Д.Ф.Шакиров және т.б. қатысты.
   Іс-шараны «Ильдаш» татар халқы даму орталығының басшылары мен мүшелері, татар этномәдени бірлестігі және  Алматыдағы «Идеал» татар орталығының қатысуымен,
Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қызметінің аясында «Қазақстан кітаптары» қызметі- Қазақстан татарлары және башқұрттары конгресімен бірлесіп ұйымдастырды.
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қорынан Қазақстан аумағында тұратын татар халқының өмірі, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері тарихынан, қазақ, орыс және татар тілдеріндегі көркем әдебиеттерден кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан татар тіліндегі кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
   Барлық қонақтар мен қатысушыларға кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование