KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066865
2019 жылы:  132400
бүгiн:  774
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.03.2006
Аймақ қазақтарына қамқорлық
 
Ақпан айының 20-ында қиырдағы Монголия елінен Ұлттық кітапханаға 2 мейман келді. Олардың біреуі Ұланбатордағы Ұлттық кітапхана директорының орынбасары Биямсүрен ханым да, екінші қонақ Баян-Өлгей аймақтық орталық кітапханасының директоры қандасымыз Зейнеп Көбейгенқызы апай.
Бұл меймандардың Алматыға ат басын тіреуінің басты себебі аймақтағы қазақ оқырмандарының талап-тілектерін орындау екен.Атап айтқанда біраз жылдардан бері бұрындары қалыптасқан барыс-келіс, алыс-беріс дәстүрлі қатынастары саябырсып қалғандықтан, мұңғыл қазақтары ана тіліндегі кітаптардан қол үзіп қалған болатын. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатымен келген меймандар Алматының баспалары мен кітап дүкендерін аралап қажетті, оқырмандар сұранысына сай келетін кітаптар сатып алды. Олардың жалпы саны 3 мың дана, оған қосымша баспалар мен Ұлттық кітапханадан мың данадай кітап сыйға берілді. Бұл кітаптардың негізі көркем әдебиет. Сондай- ақ тарихи, танымдық әдебиет және түрлі энциклопедиялар мен фотоальбомдар. Ұлттық кітапхананың ұжымы өз әріптестеріне сатып алынған кітаптарды сатып алуға жәрдемдесті. Сол секілді Ұлттық кітапхананың жұмысымен жан-жақты таныстырып, Алматы қаласындағы мәдениет орындарын аралатты. Монғолиядан рухани азық жинай келген меймандар Алматыдан еліне риза көңілмен аттанды.
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование