KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885295
2019 жылы:  19010
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.01.2018
   2018 жылғы 29 қаңтарда Н.Даулетова атындағы залда Халықаралық қазақстандық ПЕН-клубының есеп беру жиналысы өтті.
 
   Клуб президенті Бигелді Ғабдуллин өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берді.
   Былтыр Халықаралық қазақстандық ПЕН-клубы бірқатар ірі жұмыстарды атқарды. Атап айтқанда:
– Мұхтар Әуезовтің «Красавица в трауре» кітабын «Рассел Пресс» баспасынан ағылшын тілінде шығарды. (Ұлыбритания, Лондон қаласы, аудармашы Саймон Гейган). Бұл кітаптың аудармасы Англиядағы шетелдік әдебиеттің үздік аудармаларының бірі деп аталды. Оның бағасын Пушкин Антон Вуд берді;
– осы кітаптың Алматы мен Астанадағы үлкен тұсаукесеріне танымал аудармашылар Саймон Гейган мен Саймон Холингсворт шақырылды;
– Халықаралық қазақстандық ПЕН-клубының үштілде сайты жасалды: qazaqpen-club.kz;
– Ұлыбританияда Оралхан Бөкеевтің «Человек-Олень» атты кітабы ағылшын тілінде шықты. Бұл кітап туралы Астанада үлкен конференция өткізу жоспарлануда;
– Шұға Нұрпейісованың «Человек в интерьере» атты кітабы туралы оқырмандар конференциясын өткізді;
– Жазушы-сатирик Ғаббас Қабышевтың «Көңіл көгінде» кітабы шықты. Бұл Қазақстанның өмірден озған жазушылары хақындағы тұтас бір энциклапедия;
– Адольф Арцишевскийдің 80 жылдық мерейтойын өткізіп, өлеңдер жинағын жариялады;
– ПЕН-клубтың мүшелігіне екі адам: АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын әлемге әйгілі ақын Бақытжан Кенжеев пен қазақстандық жас ақын Мақпал Жұмабай қабылданды;
– АҚШ, Израиль, Ресей, Франция елінің танымал жазушыларының қатысуымен Алматыда өтетін халықаралық конференцияға дайындық жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ, Швейцариядағы аудармашылардың халықаралық конференциясына дайындалуда.
 
     
     

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование