KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885391
2019 жылы:  19106
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.01.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Асқақтай бер, Астана»  атты  безендірілген  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   6 шілде -  Астана күні  Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамы болып табылады. Астана XXI- ғасырда 10 жыл уақыттың ішінде тұрғызылған жалғыз ғана астана, ал  Қазақстан – екі ғасырдың тоғысында жаңа астана салған жалғыз ғана ел.
   ҚР Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығына сәйкес 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы − қазіргі Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Қазақстанның жаңа астанасының тұсауы 1998 жылғы 10 маусымда ресми түрде кесілді.
   Қаланың құрылысы тәуелсіз Қазақстан тарихының қалыптасуымен біртұтас. Жаңа астананың дамуы Қазақстанды түбегейлі өзгертті, оны экономикасы мықты және саяси тұрақты мемлекетке отандық және беделді халықаралық серіктеске айналдырды.
   Бүгінде Астана барлық жарқын бастамалардың тұғыры және Қазақстанда оларды түрлендіру арқылы  республика аймағын өзіне тартатын орталық болып саналады.       
   2017 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы − Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтуде  «Ел жүрегі –Астана» тұжырымдамасын бекітті.
   Мерекелеудің басты мақсаты ̶ қаланы тәуелсіздіктің басты символы және Қазақстанның қарқынды даму факторы ретінде әрі қарай белсенді түрде дамыту болып табылады.
   Астана күні мерекесі аясында еліміздің кітапханалары мен мұражайларында Астананың әлемдегі басты рөлін ашатын тақырыптық дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар, симпозиумдар және семинарлар, республикалық және халықаралық, әдеби-көпшілік іс-шаралар,  концерттер, фестивальдар, көрмелер, мәдениет және өнер салаларының жұлдыздарымен кездесулер, еліміздің әртүрлі жас деңгейіндегі тұрғындарының қатысуымен спорт жарыстары мен сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.  Сондай-ақ тақырыптық экспозициялар мен жастардың флешмобтарына қолдау жасалады.
   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстан астанасының тарихы, Алматыдан сол кездегі Ақмолаға көшіру туралы, жас астананың дамуы мен хронологиялық құрылымы дәйектілігін көрсететін материалдар қойылды.
   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование