KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058617
2019 жылы:  124152
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.02.2018

   2018 жылғы 1 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда «Елбасы жолдауы және жаңа қазақ әліпбиі» атты дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстелге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қ.Қ.Борашев, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Е.Тілешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.З.Қажыбек, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасарлары Б.Қ.Оспанова мен М.М.Бигелдиева, сондай-ақ, республикалық ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері мен профессор-оқытушылары қатысты.
   Президент Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында 10 басым бағытты атап көрсеткен. Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Оң өзгерістердің бірі латын әліпбиіне көшу мәселесі.
   «Елбасы жолдауы және жаңа қазақ әліпбиі» атты дөңгелек үстелде Ербол Тілешов, Ерден Қажыбек, Әлімxан Жүнісбек, Байынқол Қалиев, Нұргелді Уәли сынды азаматтар өз ойларын ортаға салып, жаңа әліпбиге өту мәселелерін талқылады.
   Дөңгелек үстелдің модераторы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қ.Қ.Борашев.

     
   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование