KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058431
2019 жылы:  123966
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.02.2018

   Мерзімді басылымдардың оқу залында «Абай» әдеби журналының 100 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.     

   «Абай» әдеби журналы Семей қаласында 1918 жылдың ақпан-қараша айларында қазақ тілінде араб графикасымен жарық көрді. Бас редакторы Жүсіпбек Аймауытов болды. Ол басылым 900 данамен басылып шыққан. Онда Мұхтар Әуезов, Абай және Мағжан Жұмабаевтың туындылары басылды. Белгісіз авторлардың шығармалары да жарияланды. Шығарма авторлары араб әліпбиін пайдаланды, әртүрлі тақырыптағы маңызды мәселелерді көтерді. Журнал Абайдың шығармаларын насихаттап, онда тарих, мәдениет пен әдебиет, өнер және ғылым, философия туралы мақалалар жарияланып тұрды.
   1992 жылдан бастап «Абай» журналы 30 мың дана таралыммен жарық көрді. Абайдың әдеби мұрасын, ұлттық мәдениетімізді насихаттауды, қазақ әдебиетінің тарихындағы «ақтаңдақтарды» зерттеу жұмыстарын қолға алды. Журналдың қазіргі бас редакторы Оспанов Мұратбек.
Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына дайындыққа және оны өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер    Кабинеті 1994 жылғы 15 маусымда Семей қаласында республикалық әдеби-көркем және фольклорлық-этнографиялық «Абай» журналын құру туралы № 512  Қаулысын қабылдады.
   Бүгінде «Абай» журналының басты мақсаты - ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұраларын насихаттау арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғау және «Абай» мұражайы арасындағы әдеби-ғылыми қарым-қатынасты дамыту. 
   Көрме Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы материалдарды, мерзімді басылым беттерінде жарияланған танымал жазушылар мен журналистердің мақалаларын ұсынады.

   Сіздерді көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование