KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058457
2019 жылы:  123992
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.02.2018

   2018 жылғы 7 ақпанда Е.Тұрсынов киноклубында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиевтің қатысуымен «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты кездесу өтті.

   Кездесудің мақсаты: Рухани жаңғырту мақсатында Қазақстандағы өскелең  ұрпаққа мәдени-спорттық жетістіктерді насихаттау.
   Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыруда спортшылар мен өнер адамдарының қосар үлесі зор. Кездесуде ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев шығармашылықтағы және спорттағы жетістіктерімен бөлісті.
   Еліміздің өркендеуіне үлес қосып, жастарға үлгі көрсетіп жүрген қос азамат "Руxани жаңғыру - ұлттың ұлы мұраты" тақырыбы аясында ой бөлісіп, руxани пікір алмасты.
   ҚР Ұлттық кітапxанасы өз кезегінде мәдениет және спорт саласының майталмандарына сыйлықтар тарту етті.
   Алматы қаласының жастары мен кітапxана оқырмандары кездесуден ерекше әсермен тарқасты.
   Ардақ Назаров – Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуразияның екі мәрте чемпионы, Еуропа – Азия матчтық кездесуінің жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Санкт-Петербург, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
   Сәкен Майғазиев – танымал «МузАРТ» тобының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
   Модератор: Бақыт Жағыпарұлы, ақын, журналист, «Қазақ» радиосының Алматы қаласындағы жетекшісі.

     

     

     

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование