KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885416
2019 жылы:  19131
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.02.2018

   2018 жылғы 14 ақпанда Е.Тұрсыновтың кинозалында Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің республикалық «Уақыт Таңдауы – Выбор Времени» агенттігімен бірлескен жобасы бойынша ұйымдастырылған сараптамада «Жылдың үздік кітапханасы» номинациясында жеңімпаз болып танылған ҚР Ұлттық кітапханасын марапаттау рәсімі өтті.

   «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, ақын Шөмішбай Сариев, академик Оразалы Сәбден, Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Данияр Әлиев сөз сөйлеп, құттықтауларын жеткізді.
   Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапхананың директоры Жанат Сейдуманов серіктестері мен әріптестеріне алғыс хат берді.
   Он жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бұл сараптаманың биылғы нәтижесінде ҚР Ұлттық кітапханасы 2017 жылдың «Жылдың үздік кітапханасы» болып танылды. Бұл құрметті марапат  – біздің қызметіміздің жоғары бағасы. Кітапхананың барлық қызметкерлерінің күнделікті жұмысы, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік мәні бар іс-шараларды өткізу –  кітапханаға елдің ғылыми және білім беру кеңістігінің орталығында болуына мүмкіндік береді.
   Салтанатты марапаттау рәсіміне кітапхананың барлық іс-шараларына әрдайым қолдау білдіріп келе жатқан Қазақстан жазушылар Одағы, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласының кітапханалары, БАҚ, академиктер мен зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен басқа да серіктестері қатысты.
   Мерекелік іс-шара аясында салтанатты марапаттау рәсімі және концерттік бағдарлама өтті.

     

                                            

 

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование