KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058034
2019 жылы:  123569
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.02.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Танымал тұлғалардың қолтаңбалары бар кітаптар топтамасы ұйымдастырылды.

 
   «Қолтаңба» сөзі (грек тілінен аударылған) − автордың түпнұсқа жазбасы. XVI− ғасырдың соңында Францияда құрылған тарихи ең үлкен қолтаңба қоры, құжаттар, естеліктер, хаттар Париждегі қоғамдық кітапханада сақталған. Қолтаңбаларға кез-келген авторлық қолжазба мәтіндер: сыйға тартқан жазбалар, хаттар, жазба белгілер және т.б. жатады.
   Еліміздің дамуына елеулі және баға жетпес үлес қосқан және оның беделін әлемдік деңгейде арттырған белгілі қазақ жазушылары мен қайраткерлерінің шығармашылық жазба мұраларын насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында танымал тұлғалардың қолтаңбалары бар кітаптар топтамасы жасалды.
   Топтаманың мақсаты − Қазақстанның мәдениетін, ғылымы мен әдебиетін дамытуға зор  үлес қосқан танымал тұлғалардың жеке қолтаңбаларының үлгілері мен олардың лебіздерін бір жерге жинақтау және келешек ұрпақ үшін сақтап қалу. Аз данада сақталған кітаптар да сирек кездесетін кітаптар болып саналады. Автор  қолында ұстаған кітабын дәлел ретінде оған қолтаңба қалдыруы, тілектері мен сыйға арнап жазуы оны өте құнды және ерекше етеді.
   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әртүрлі шығармашылық кештер, атақты тұлғалармен кездесулер, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері өтеді. Көптеген авторлар ризашылық пен құрметтің белгісі ретінде кітапханаға өз шығармаларын сыйға тартып, жазбалармен және қолтаңбаларымен береді. Топтама «Қазақстан кітаптары» оқу залында ашық қорда орналасқан тұрақты қолданыстағы кітап көрмесі болып табылады. Бұл топтама ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен қонақтары болған авторлардың өздері ұсынған кітаптардан тұрады.
   Топтама үнемі толықтырылып отырады.

   Кітап топтамасына шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование