KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885318
2019 жылы:  19033
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.02.2018

2018 жылғы 14 ақпанда Е.Тұрсыновтың киноклубында белгілі сазгер Ербол Байырбековтың шығармашылығына арналған музыкалық кеш өтті.

   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.   
   Байырбеков Ербол Сайлауұлы 1975 жылы 21 мамырда Оңтүстік Қазақстан  облысы Ордабасы ауданының Мақташы ауылында дүниеге келген.  Әкесі қарапайым көлік жүргізушісі болған.  Ербол Байырбеков он алты жасынан бастап Арыс аудандық мәдениет үйінде қызмет етіп, орындаушылық өнерімен  таныла бастады. Сол жылдары Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне оқуға түседі.  Кейін, ауданғы мәдениет үйіндегі  қызметіне қайта оралады.
   Орындаушы ғана емес, сондай-ақ әндер де жаза бастайды. Композитор ретінде алғашқы әндері «Сүйгеніңді бағала», «Арманым менің» және т.б.  Қазіргі уақытта Ербол Шымкент  қаласында тұрады. Әндері қазақ және қырғыз эстрадасы арқылы кеңінен танымал. «Адамдар, кешіріңдер», «Қыз бақыты»,  «Сен маған сүюді үйреттің», «Мәңгілік сыңарым»,  «Сүйдім сені» және т.б. көптеген әндердің авторы.
   2017 жылы  Шымкент қаласында өткізген  «Сүйгеніңді бағала» атты алғашқы шығармашылық кеші Ерболдың сазгерлік өнеріне жаңа серпін берді. Кешке Қазақстанның белгілі әртістері, мәдениет қайраткерлері, әншілер, достары, БАҚ өкілдері және көрермендер қатысты.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование