KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057800
2019 жылы:  123335
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.02.2018

   2018 жылғы 15 ақпанда Ермек Тұрсыновтың киноклубында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші тармағын талқылау мақсатында Алматы қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

   Президент Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында 10 басым бағытты атап көрсеткен. Жолдауда көрсетілген 10 басты міндеттің ең негізгісі – жетінші басымдық, жетінші міндет болса керек. Олай деуге негізгі себеп – барлық он міндетті де осы жетінші басымдықта атап көрсетілген заман талабына сай жетілген білікті адами капитал жүзеге асыра алады.
   Елбасы алдағы уақытта жаңа заманға сай болу үшін Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғырын негізге алуды ұсынды.
   Кездесу барысында саяси ғылымдар докторы Толқын Әуелғазина негізгі баяндаманы жасап, Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының академигі Надир Надиров пен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қали Сәрсенбай, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсуров өз ойларын ортаға салды. 
    Кездесуді белгілі фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов жүргізді.
   Ұйымдастырушылар: Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Ұлттық кітапханасы.
   Қатысушылар: Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, жастар мен кітапхана оқырмандары.
   Кездесудің модераторы болған «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанов.

     

     

   

                   

 

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование