KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885400
2019 жылы:  19115
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.02.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы  Ассамблеясының Депозитарийі аясында  «Қазақстандағы Өзбекстан жылына»  арналған  «Достығымыз жарасқан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.    

   Өзбекстан − Орта Азияның орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Өзбек  халқының тарихы Қазақстан мен Орта Азияның тарихымен тығыз байланысты.
   Халық  үлкендерді сыйлау, Құранның қағидаларын сақтау,  қонақжайлылық сияқты көне әдет-ғұрыптарды   сақтайды. Қытай мен Жерорта теңізі арасындағы көне сауда – Ұлы Жібек жолына салынған өздерінің мешіттерімен, мазарларымен және құрылыстарымен мақтанады.   Астанасы  ең ірі – Ташкент қаласы.
   Қазақстан мен Өзбекстанның ұлы рухани мұрасы екі  халықтың тығыз бауырластығын, олардың салт-дәстүрлері мен тарихының ұқсастығын білдіреді. Достық қарым-қатынастың маңызды факторы −  мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз. Бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыс жақсарып,  жаңа деңгейге жетті.
   Қазақстандағы қазіргі әдебиет үдерісі көпұлтты жазушылар мен ақындар құрамына қызықты. Өзбек әдебиетінің тарихы, өзінің бұрыннан келе жатқан түбі терең, өткенімен ажырамас халық тарихымен тығыз байланысты. Өздерінің қайталанбас ерекше бояуын Оңтүстік Қазақстанда тұратын өзбек әдебиетшілері мен өзбек тіліндегі шығармаларды жасаушылар қосуда. Республикада өзбек театры жұмыс істейді, теле-радиохабарлары өзбек тілінде жүргізіледі, оннан аса газет-журналдар шығады, өзбек ұлттық орталығы жұмыс істейді.
   Келесі 2019 жыл «Өзбекстандағы Қазақстан жылы» болмақ.
  Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан өзбек халқының тарихы және салт-дәстүрі, өнері туралы материалдар қойылды. Сонымен қатар, өзбек авторларының қазақ және орыс тілдерінде жазылған көркем шығармаларымен танысуға болады.
   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование