KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885254
2019 жылы:  18969
бүгiн:  1
қазiр:  65
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.02.2018

   2018 жылғы 16 ақпанда «Қытай мәдениеті мен әдебиеті» атты  Ашық есік күні өтті.  Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасы мен  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің магистранттарымен бірлесе ұйымдастырылды.

    Ашық есік күніне: Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас Консулдығы, ЖОО және  Халықаралық қазақ-қытай тілі колледжінің студенттері қатысты.
   Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Оспанова Б.Қ.  ашты.
   Кездесу барасында  Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас Консулдығы консулының орынбасары Мяо Хунбо сөз сөйледі.
   Қытай  дәстүрі  бойынша Жаңа жылдық дастарханда  көне ақша пішініндегі көп тұшпара көп болу керек. Қытайда негізгі мерекелік тағамдарының бірі тұшпара болып саналады. Студенттер тұшпара жасаудың түрлі жолдарын көрсетті. Іс-шара аясында шәй дайындау рәсімі, жазу үлгілерін көрсетті. Цзяньчжи -  қағазды қию өнері.
Қонақтарға Алматы қаласы студенттерінің  қатысуымен  концерттік бағдарлама ұсынылды. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық    өнер академиясының 3-курс студенті К.Жігер, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің 1-курс студенті С.Тамдыбек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің магистранттары:  Г.Қанат, Қ.Мұқатай, З.Жайлауова, У.Оспанова, М.Жеңісбаева, М.Сағынбектер өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараны жүргізушілер: А.Ершат, М.Мәжіт. Сондай-ақ,  қазақ, ағылшын және қытай тілдерінде әндер орындалды. Қытай әдебиеті мен мәдениетінің тарихы жайлы докторантар Е.Керимбеков, Д.Мәдиевтер дәріс оқыды. Конфуция институтының оқушылары  айқын  гимнастикалық ушу көрсетті.


     

     

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование