KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885333
2019 жылы:  19048
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.02.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында «Жаңа ғасыр жырлайды» атты жас қазақстандық қаламгерлердің тұрақты көрмесі ұйымдастырылды.

   Бүгінде Қазақстан әдебиеті өз мүмкіндіктері мен  мүдделерін ескере отырып, жаңа мәдени үрдістерді сіңіріп, әлемдік  өркениеттің контексінде дамуын жалғастыруда. Қоғамның ең өзекті мәселелерін айта отырып, кейбір сұрақтарға ұтымды жауап бере алатын жас   қаламгерлер қалыптасуда.
   Қазақстандық жас қаламгерлердің  поэзиясы мен прозасы ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады, оның басты мақсаты адамның рухани-адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру болып табылады, олардың туындыларында ұлттық әдет-ғұрыпқа және туған жерге деген сезім бар.
   Қазақстанда дарынды жастар мемлекеттің қолдауымен жемісті шығармашылығы және қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін жыл сайын «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталады. Осы жүлдеге ие болған тұлғалар «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, диплом,  төсбелгі және ақшалай сыйлықпен марапатталады. 2017 жылы «Әдебиет» номинациясы бойынша жас, дарынды ақын Динара Мәлікова марапатталды.
   Республикада 2013 жылы  «Проза в сети. Лучшее 2012-2013» атты әдеби альманах "Kaznetmedia" баспасынан шықты, бұл жинаққа жас қазақстандық авторлардың шығармалары енгізілді. 
  «Жаңа ғасыр жырлайды» атты кітап көрмесінде  жас қаламгерлердің, ақын-имправизаторлардың және журналист-публицистердің кітаптары  ұсынылған, оқырмандар осы шығармалармен таныса алады.
   Көрме жыл соңына дейін жалғасады және жаңа әдебиеттермен толықтырылып тұрады.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование