KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885142
2019 жылы:  18857
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.02.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні ретінде барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алуға шақырады, олар елден тыс соғысқан, өз еріктерімен адал әскери ант қабылдаған.          
   КСРО достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы 1978 жылғы
5 желтоқсандағы Келісімге сәйкес, Ауған Республикасымен саяси және экономикалық  бағдарламаны жүзеге асырды. Алайда, елдегі ішкі жағдай күрделене түсті. 1979 жылғы желтоқсан айының соңында Ауғанстанда ел басшылығының келісімі бойынша кеңес әскерлері енгізілді. Бұл акт елдегі шиеленістің нашарлауына, қысымшылық әрекетін күшейтуге әкелді. Қақтығысқа АҚШ, Пәкістан, Иран, Сауд Аравиясы және тағы басқа елдер қосылды. Әскери іс-қимылдар он жылға созылды.        
   Ауған соғысына 22000 қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлері Ауғаныстаннан шығарылды.
   Ауғандық соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлер батылдық пен ерлік,  жанқиярлық көрсетті. Соғыс ардагерлері бейбіт және гүлденген Қазақстанды дамытуға өз үлестерін қосуда. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі, қоғамдағы үйлесімділік пен тұрақтылықты сақтаудағы олардың үлесі баға жетпес.
   Жыл сайын 15 ақпанда мыңдаған адам жиналып: ауған ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың, әкімшіліктің өкілдері еске алу және қаза тапқан  интернационалист- жауынгерлердің құрметіне, олардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою үшін жиналады.
   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ауғанстан тарихы туралы материалдар, елдегі әскери оқиғалардың хронологиясы, соғыстағы батыр-жауынгерлер жайлы, сонымен қатар мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ардагерлердің естеліктері қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование