KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885115
2019 жылы:  18830
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.02.2018

   2018 жылғы 21 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, қазақ тарихындағы  ерекше оқиғалардың бірі – Орбұлақ шайқасындағы ұлы жеңіске 375 жыл толуына орай «Орбұлақта оянған рух» атты дөңгелек үстел өтті.

   Дөңкелек үстел барысында Бексұлтан Нұржекеев, Талас Омаров, Әлібек Асқар, Нұрлан Атығаев, Жанарбек Әшімжан және т.б. ойларын ортаға салды.
   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Халықаралық «Көшпенділер Атамұрасы» қоғамдық қоры серіктесі.
Дөңгелек үстел аясында қазақ тарихшыларының кітаптарынан «Орбұлақ өнегесі» атты көрме қойылды.
   Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшы арасында өтті.
   Бұл шайқаста қазақтар алғаш рет қару-жарақтарды пайдаланды, ал алғашқы сәттерде-ақ жоңғарлар көптеген жауынгерлерін жоғалтты. Жәңгір хан бірегей қолбасшы, әрі епті стратег екенін дәлелдеді. Жетісуды басып алуға арналған жоңғар жоспары талқандалды. Орталық Азия үшін бұл шайқас қаруын қолданумен революциялық тәжірибе болса, қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі бірегейі болды.
   1993 жылы Орбұлақ шатқалында естелік ескерткіш орнатылды.
   Дөңгелек үстелге ғалымдар, тарихшылар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқырмандар қатысты.
   Модератор: белгілі жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бексұлтан Нұржекеев.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование