KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057614
2019 жылы:  123149
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.02.2018

   2018 жылғы 22 ақпанда Мұнай-газ ақпараттық ресурстар залында жазушы Айгүл Серікбайқызының «Жұлдызды жолдың сардары» кітабының кейіпкері жазушы-фантаст Жүніс Сахұрпағымен кездесу өтті.

   Жүніс Сахиев (Жүніс Сақұрпағы) 1950 жылы 1 наурызда дүниеге  келген. Әкесі Сақ оқымысты, анасы Құлханыс әңгімешіл зерек кісі болған. Телеграфшы, жазбагер мамандығының иесі. Елімізде авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық романдарды алғаш бастап жалғастырып  жазып келеді.
   Бүгінгі күнге дейін «Тіршілік ұясы» (әңгімелік нұсқасымен), «Борыш» (повестік нұсқасымен), «Шеңбердің түйісуі» (повестік нұсқасымен), «Көктен келген көшпенділер», «Марстан шыққан жаңғырық», «Қимайтын әлем», «Шолпанға көшкен ауыл», «Космотарих куәсі», «Су әлемінің саздары», «Жасампаздық қиырында», «Ғарыштан келген гүл», «Күзетші» ғылыми-болашақтық романдары, «Астрономия» энциклопедиясы, өмірі мен шығармашылық жолы жөнінде «Жұлдызды жолдың сардары» монографиясы, «Жүніс Сақұрпағы, Жунис Сахиев, Zhunis Sakurpagy» биобиблиографиялық көрсеткіш жарыққа шықты.
   Қазақстан Жазушылар одағы әдеби, Халықаралық Байқоңыр сыйлықтарының лауреаты, бұрынғы КСРО Ғылым академиясы Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі – академигі. Шығармашылық өмірбаяны көптеген ірі энциклопедиялық  басылымдарға енген.
   Кездесу аясында Жүніс Сахұрпағының еңбектерінен кітап көрмесі қойылды.

     

     

                                        


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование