KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885102
2019 жылы:  18817
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.02.2018

2018 жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында «Парасат ордасында пікір алмасайық!» атты пікірсайыс ойыны өтті.

   Аталмыш пікірсайыс ойыны қазіргі уақытта еліміздегі және жастар арасындағы өзекті тақырыптарды талқылауға негізделді. Сонымен қатар, бұл пікірсайыс ойыны жастардың шешендік қабілеттерін арттырып, өз ойларын еркін жеткізе алуға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.
   Пікірсайыс ойынына: Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінің «Қыз Жібек», Қаскелең мәдениет колледжінің «Парасат», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әл-Фараби шәкірттері», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Экстрим» фракциялары қатысты.
   Ойын барысында арнайы қонақ Тұран университеті, «Кино өнері» кафедрасының меңгерушісі, өнертану PhD докторы, киносыншы Көбек Гүлзат, ҚР Ұлттық кітапханасының «Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің» маманы, кітапхана ісінің үздігі– Ботабеков Сырым, қалалық студенттік пікірсайыс ойындарының жеңімпазы, «Технократ» интеллектуалды пікірсайыс клубының төрешісі – Амиржанова Айша  төрешілік жасады.
   Қатысушыларға сәттілік тілеп, ойын шымылдығын ҚР Ұлттық кітапханасы директорының «Ақпараттық ресурстар жөніндегі» орынбасары Бигелдиева Мөлдір Махаббатқызы ашып берді.
   Ойын нәтижесінде, тілге жүйрік, сөзге шешен екендіктерін дәлелдеп, жүлделі 1 орынды әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің «Әл-Фараби шәкірттері» фракциясы, 2 орынды Абай атындағы ҰПУ-нің «Экстрим» фракциясы,        3 орынды Қаскелең мәдениет колледжінің «Парасат» фракциясы жеңіп алып, оларға ҚР Ұлттық кітапханасының арнайы сыйлықтары табысталды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен келген «Қыз Жібек» фракциясы алғыс хатпен марапатталды. «Әл-Фараби шәкірттері» фракциясының мүшесі Нұржан Мадина «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды.

     

                                                 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование