KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885151
2019 жылы:  18866
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.02.2018

   2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын аясында жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамза Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ақ Жайық тарихын  жырлаған қаламгер» тақырыбында республикалық онлайн-кездесу конференциясын өткізді.
   Кездесуді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, қаламгердің қазақ руханиятына қосқан еңбектеріне тоқталды.     
   Кездесуде Хамза Есенжановтың келіні, Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, шығыстанушы, араб тілінен аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Дина Әнесқызы және немере інісі биология ғылымдарының докторы, академик, профессор Аль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің экология және топырақтану кафедрасының меңгерушісі Айтқожа Биғалиұлы және ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлері  қаламгер туралы естеліктер айтты.
   Батыс Қазақстан облыстық кітапханадан тарихшы, Хамзатанушы Батыс Қазақстан Инженерлі-гуманитарлық академиясының аға оқытушысы Сайлау Хамитұлы Сүлейменов, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің студанттері, №14 ЖОББМ 6-7 сынып оқушылары, кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында екі жақтан да шақырылған қонақтар сөз алып, оқырмандарымыз жазушы Хамза Есенжанов туралы тағылымды естеліктер тыңдап, танымды ой толғап, мағыналы әңгімелерімен бөлісті.    

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование