KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885220
2019 жылы:  18935
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.02.2018

   2018 жылғы 27 ақпанда Кітапханатану залында ақын, жазушы, Жазушылар одағы, Пен-Клуб, Журналистер одағы және Кинематорафистер одағының мүшесі Адольф Арцишевскиймен шығармашылық кездесу өтті.

   Адольф Альфонович «Жазушы» баспасында жазушы, «Простор» жунралында техникалық редактор,  Республикалық жастар мен жасөспірімдерге арналған театр және Лермонтов атындағы Академиялық театрда әдебиет бөлімін басқарды. Алғашқы қазақстандық  «Перекресток» сериалында және «Новая эра» журналында бас редактор болды.
   «Қазақстан», «Жазушы» баспаларында «Ищу наследство», «Земля на котором живем», «Нескучные уроки», «Как в саду при долине», «Письма на бересте», «День среди лета» кітаптары жарыққа шықты.
   Адольф Арцишевский Ілияс Есенберлин, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақов, Баққожа Мұқаев, Дулат Исабеков сынды қазақстандық ақын-жазушылардың еңбектерін аударған. Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» атты ең танымал кітабының бірінші редакторы болды.
   2003-2015 жылдары «Простые истины», «Жить без тебя не могу», «Полк особого назначения», «Этюды о врачевателях и фармацевтах», «Нужна ли тетиве стрела», «Предчувствие любви», «Неизбежность. Новые стихи. Проза», «Берег бытия», «Река и горы», «Неукротимая эпоха» кітаптары мен «Бигельды Габдуллин: право на исповедь» атты құжаттық роман-эссесі шықты.
   2004 жылғы желтоқсанда Лермонтов атындағы театрда Дулат Исабековтың «Ібіліс желісі» пьесасы Адольф Арцишевскийдің аудармасымен қойылды.
   Ол «Панорама», «Дружные ребята», «Наше время», «Фармацевтический вестник Казахстана», «Новое поколение», «Наука Казахстана» газеттері мен «Қаржы-қаражат» журналы Бас редакторының орынбасары, «Шалом» газетінің редакторы болды. «Рик» радиосының тікелей әуе толқынында «Обзор событий культуры южной столицы» бағдарламасы мен «Сказки дядюшки Адольфа» балалар бағдарламасы өткізілді.
   Қазіргі уақытта «Central Asia Monitor» газетінің мәдениет шолушысы.
   ПЕН-клуб пен ҚР Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.  Кинотеатр туралы ең жақсы материалдар үшін Кинематографистер Одағының екі мәрте лауреаты.
   «Құрмет» орденімен және «Мәдениет үздігі» төс белгісімен марапатталды. 2015 жылдың желтоқсанында Халықаралық қазақ ПЕН-клубы «Юрий Казаков» медалімен марапатталды.

     

                                      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование