KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888779
2019 жылы:  22494
бүгiн:  1
қазiр:  80
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.09.2006
Баспасөз-релиз
 
ҚР Ұлттық кітапханасы                                          28 қыркүйек  2006 ж.
                                                      
     28 қыркүйек Қазақ халқын «Абай жолы» тарихи роман эпопеясы арқылы әлемге танытқан қазақ әдебиетінің классигі, әрі қоғам кайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күні.
    Жыл сайын бұл күнге ҚР Ұлттық кітапханасы «Рух-Мирас» қоғамдық бірлестігімен және «Samsung Electronics» компаниясының демеушілігімен қазақ тіліндегі әдеби шығармалардың байқау қортындысын шығарып, Ұлы жазушының туған күнінде жеңімпаздарын марапаттайтын. Биылғы жылы ең таңдаулы романдардың байқауына арналған пресс-конференция ұйымдастырудамыз.
     Ұлы Мұхтар Әуезовтің құрметіне арналған бұл байқаулардың ең бір ерекшелігі, жүрекке жылы тиер құндылығы, мемлекеттік тілдегі шығармалардың қабылдануы.
Бірінші байқаудың қортындысы бойынша 20-ға жуық жас әдебиетшілер қатысып, жүлделі 3 орын анықталып, шығармалар жинағы «Раритет» баспасынан «Көк күмбез»  атты кітап болып шықты.
     Екінші драматургия саласындағы байқауға 41 шығарма келіп түсіп 33 автор қатысып, 5 автор жүлдегер атанып, драмалық шығармалар жинағы кітап болып шығуға дайын.  
      Биылғы үшінші байқау, қазақ тіліндегі ең үздік, қазіргі заман тақырыбындағы романдар арасында өтеді. Байқауға 2005-2006 жылдар арасында жазылған немесе жарияланған, өтпелі кезеңнің ауыр өмір нышандары, қарама-қарсы күштердің қақты-ғыстары, қоғам мінез-құлқының сырларын ашатын романдар қабылданады. Романдар 2006 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 2007 жылдың 1-ші наурыз айына дейін қабылданады.  2007 жылдың 25-26 мамыр айында қортындысы шығарылады.
     Үздік 3 романға ақшалай сыйлық беріледі. Байқау қортындысы бойынша жеңім-паз роман баспадан басылып шығады.
     Байқаудың негізгі мақсаты: халқымыз қолдан-қолға тигізбей таласа оқитын қазақ тіліндегі романдарды дүниеге әкелдіру. Қоғамда болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларды көркем тілмен суреттеген ұлтының, уақыттың ары болатын таңдаулы шығармаларды күтеміз.
     Байқау жәйлі хабарландырулар «Әдебиет айдыны», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» және Қазақстан телеарналарынан т.б. бұқаралық ақпараттар беттерінде жарық көруде.
     Әдеби байқаудың салиқалы, әділ-қазылар алқасы белгіленген.
    Байқауға дайындық үстінде жас жазушылармен сұхбаттасу, шебер класс, танымал жазушылармен кездесу, және жазушылар кітаптарынан көрме ұйымдастырылады.
Пресс-конференцияға қазылар алқасы және атақты жазушылар, сыншылар, әдебиетанушы-ғалымдар, сонымен бірге, «Samsung Electronics» компаниясының өкілдері, БАҚ және Ұлттық кітапхананың байқауды ұйымдастырушылары  қатысады.
 
Келем деушілерге есік ашық !
 
Анықтама телефондары:
67-28-83, 72-31-30
Тел./факс: 67-28-83
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование