KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885134
2019 жылы:  18849
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.02.2018

   «Өнер» бөлімінің оқу залында әнші-композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Садық Кәрімбаевтың 100 жылдығына арналған «Сазгер әнші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Садық Кәрімбаев Павлодар облысы, Баянауылында дүниеге келді. Бала күнінде шешекпен ауырып екі көзінен айырылған. Жасынан ән салып, сырнай тартады.
   Бойына біткен дарындылықтың арқасында, Садық Кәрімбаев арнаулы музыкалық білімі болмаса да Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Кенен Әзірбаев дәстүрін жалғатсырушы тұлға ретінде, ән мәдениетіне өзінің айтарлықтай үлесін қосты, музыкалы-эстетикалық тәрбиенің мәні зор сан-саналы тақырыпты, мазмұнды шығармалары мен музыкалы әдебиеттен өзіндік ерекшеліктерімен орын алған халықтық композитор, әрі орындаушы ретінде танылады. Жаяу Мұса, әсіресе, өзі туып өскен өлкенің Майра, Естай, Жарылғапберлі сияқты әнші-ақындарының шығармашылық дәстүрдің майталмандары атанып, «Халық әншісі», «Халық композиторы», «Халық жыршысы» атағының иегері атануларында болса керек. Әндерінің тақырыбы сан алуан. Туған жердің табиғат сұлулығына, еңбек адамдарының ерлік істеріне, Отан қорғау тақырыбына арнаған туындылары бар. Халық арасына кең тараған әндерінің негізгі бір саласы – лирикалық әндер. Сондай-ақ, вальс жанрының дамуына да үлес қосты. Оның «Жетісу», «Кешкі Алматы», «Жаңаарқа», «Тракторшы қарындас», «Сауыншы жеңгей», «Жылқышы қыз», «Шаттанамын еңбектің ерлеріне», «Қызылшашылар маршы», Отан қорғау тақырыбына «Жорық», «Аттаныс» атты туындылары бар. Кең тараған лирикалық әндері «Сағындырған сәулем-ай», «Күтем сені», «Сүйген сәулем Ақерке», «Ақ тотым», «Ақтамақ», «Айлы түнде», «Жамбыл жастарының вальсі», «Қапшағай вальсі», деп аталады. Композитордың әндерін Күләш Бай¬сейітова, Бибігүл Төле¬ге¬но¬ва, Жү¬сіп¬бек Елебеков, Ер¬мек Серке¬баевтар орындаған.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан Садық Кәрімбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование