KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057529
2019 жылы:  123064
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.03.2018

   2018 жылғы 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Ашық есік күні ұйымдастырылды.

   Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
   Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
   Ашық есік күні аясында «Алғысым шексіз – халқыма» атты жастар флешмобы мен концерттік бағдарлама өтеді. Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Жастар кеңесі мен Алматы қаласының жас кітапханашылары бірлесіп өткізеді.
   Сондай-ақ, сағ 15:00- де «Білімді ұрпақ – рухани жаңғырудың кепілі» атты дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері қатысты.
   Күні бойы кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды.
  
 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование