KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057609
2019 жылы:  123144
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.03.2018

   2018 жылғы 1 наурызда Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстандағы  Алғыс айту күніне арналған «1 наурыз − Алғыс айту күні» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан көрмеге әртүрлі ұлт өкілдерінің тарихын және қазіргі өмірін, жер аудару үдерістерін, оларды орналастыруды, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және өнерін паш ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 100-ден астам басылымдар ұсынылды.
   2016 жылдан бастап қазақстандықтар 1 наурыз − Алғыс күнін, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, достық пен махаббат мерекесін тойлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда құрылды. Қазақстандықтар бір-біріне алғыс айтуға және қазақтардың қонақжайлылығы үшін Қазақстанға қоныс аударған өзге ұлттарға өз алғыстарын білдіретін дәл осы күн − Алғыс айту күні деп таңдап алынды.
   Мерекенің мақсаты − азаматтардың жас ұрпақ арасындағы төзімділік сезімін тәрбиелеу, достық пен бір-біріне құрметпен қарау, сондай-ақ этникааралық келісім мен этникалық байланыстарды нығайту.
Мерекелік шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қ.Қырықбаев, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Н. Балғымбаев, Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері қатысты.
   Мереке құрметіне Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаеваның қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды және әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары, киімдері,  ұлттық стильдегі безендірілген этномәдени көрмесі койылды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование