KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885116
2019 жылы:  18831
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.03.2018

   2018 жылғы 6 наурызда  Н.Дәулетова атындағы залда әйгілі башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!» атты прозалық кітабының тұсаукесері өтті.

   Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып берді.
   Айгиз Баймұхаметов – журналист, жазушы, Башқұртстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі, Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік республикалық жастар сыйлығының лауреаты.
   Ол 1988 жылы  27 қазанда Башқұртстандағы Белорецк ауданының, Абзаково ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған соң балалар үйінде тәрбиеленген. Башқұрт мемлекеттік университетінің башқұрт филологиясы мен журналистика факультетін аяқтаған.
   Башқұрт әдебиетінің талантты өкілінің бұл кітабы орыс, татар, чуваш, әзірбайжан, моңғол тілдеріне аударылып, үлкен сұранысқа ие болған. Осы хикаят бойынша Башқұрт мемлекеттік театры мен Бурят мемлекеттік драма театрында қойылымдар сәтті қойылып келеді.
   «Тастамашы, ана!» кітабын қазақ тіліне аударған – ақын, Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгер.
   Бұл кітапта Айгиз Баймұхаметов ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Балалар үйіндегі ұл-қыздардың өмірі қарапайым, оқырманға түсінікті тілде суреттеледі. Жазушы бас кейіпкер Ілиястың жан дүниесін ашу арқылы бүгінгі қоғамның бет-бейнесін көрсеткісі келген. Кітапты оқыған балалар ата-ананың қадірін түсініп, бақытты бағалауды үйренеді. Үлкендер жас ұрпақтың мейірімге зәру екенін ұғынады. Кітап балалар мен жасөспірімдерге, барша оқырман қауымға арналған.
   Тұсаукесерге Уфадан автор Айгиз Баймұхаметов арнайы келіп, көптеген зиялы қауым мен ақын-жазушылар, журналистер, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, жалпы оқырман қауым қатысты.

     

                                          

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование