KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885181
2019 жылы:  18896
бүгiн:  1
қазiр:  76
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.03.2018

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Алматы облыстық «Огни Алатау» қоғамдық - саяси газетінің  100 жылдығына  арналған  көрме ұйымдастырылды.

   «Огни Алатау» газеті 8 наурызда 100 жасқа толады. Газеттің тарихы біздің өңіріміз  бен  мемлекетіміздің  тарихымен тығыз байланысты. 
1918 жылы  Верный   қаласындағы кеңестік билікке негізделгеніне бес күннен кейін «Жетісу аймақтық жаңалықтары» газетінің негізінде жаңа революциялық  «Заря   Свободы» газеті жарық көрді. Газеттің  бас редакторы Рудольф  Павлович  Маречек болды. Газеттің бірінші нөмірі 1918 жылы 8 наурызда жарық көрді, сол күннен бастап «Огни Алатау» газеті есепке алынды. 1918 жылдың маусым айынан бастап газет «Вестник семиреченского трудового народа» деген атаумен  шығарылды. 1919 жылғы маусымнан бастап желтоқсанға дейін газет « Голос Семиречья»  болып өзгертілді.1919 жылғы желтоқсаннан 1922 жылдың қазанына дейін газет «Правда» деп аталды. 1922 жылғы қазанда газет «Семиреченская правда» деп аталды. 1922 жылдың қараша айынан 1924 жылдың маусымына дейін  «Джетысуйская правда» деп өзгертілді. 1925- 1929 жж. дейін облыстық газет «Джетысуйская искра» деп аталып,  1933 ж. қазан айынан 1936 ж. наурызға дейін «Красное  знамя» деп аталды. Соғыстың алдында газет «Социалистік Алма-Ата» деп аталды. 1939 жылдан бастап облыстық газет өз жұмысын тоқтатты. 1954 жылдың ақпан айынан бастап 1963 жылдың мамырына дейін газет «Алма-Атинская правда» деп аталды. 1963 жылдың мамырынан бастап 1964 жылдың желтоқсанына дейін «Семиречье» атауы бойынша жарық көрді. 1965 жылдың қаңтар айынан бастап осы күнге дейін газет « Огни Алатау » деп аталады.
   Әр жылдардағы  газет басшылары:  А. А. Першин, И.Колгин, И.Бездутный, Н.Вержбицкая, Н. Х.Гарифуллина, Г.Толмачев, В.Оверко, А.Ариновтар  және қазіргі редактор А.Идигов басқарды. Газет беттерінде Т.Бокин, У.Жандосов, С.Сейфуллин, Қ.И.Сатпаев, М.Ауэзов, В. Иванов, К.М.Симоновтар және т.б сөз сөйледі. Газеттің журналистері әрдайым түрлі  оқиғалардың ортасында  жүрді. Газеттің материалдарында ең жағымсыз мәселелер көрініс тапты.
   1968 жылы облыстың экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Огни Алатау» газеті Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1975 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет  граматосын  алды. 1985 жылы КСРО экономикалық жетістіктері көрмесінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын ұсынған Бүкілодақтық сайыстың жеңімпазы атанды. 2007 жылы газет «Алтын Жұлдыз» республикалық журналистикадағы ең беделді жүлдеге ие болды. 2008 жылы газет Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын Самұрық» дипломымен марапатталды.
   Көрмеге Қазақстан Республикасы  Ұлттық кітапханасының  қорынан  «Огни Алатау» газетіне арналған мерзімді басылымдар беттеріндегі танымал жазушылар мен журналистердің мақалалары ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование