KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885263
2019 жылы:  18978
бүгiн:  1
қазiр:  69
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.03.2018

   «Өнер» бөлімінің оқу залында белгілі скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваның 60 жасқа толуына арналған «Әлем әртісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Айман Мұсақожаева 1958 жылы 15 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді.  К. Байсейітова атындығы республикалық музыка мектебінде профессор Н.М. Патрушеваның сыныбын, П.И. Чай-ковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерва-ториясында КСРО халық әртісі, профессор В. А. Кли-мовтың сыныбын бітірді. А.Қ. Мұсақожаева – көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты, олардың ішінде Югославияда өткен халықаралық конкурс (Белград, 1976), Н. Паганини атындағы халықаралық конкурс (Генуя, 1981), Жапонияда өткен халықаралық конкурс (Токио, 1983), Я. Сибелиус атындағы халықаралық конкурс (Хельсинки, 1985), П. И. Чайковский атындағы VΙΙΙ халықаралық конкурстары (Мәскеу, 1989) бар.    Скрипкашының концерттік бағдарламаларында Бах, Гайдн, Моцарт, Бетховен, Паганини, Брамс, Чайковский, Сибелиус, қазіргі заман композиторлары мен Қазақстан композиторларының шығармаларынан тұратын скрипкаға арналған бай репертуар жинақталды. 1992 жылы ол «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрін құрып, оның көркемдік жетекшісі болды. Оркестрдің репертуарына классика мен қазіргі заман композиторларының шығармалары кірген. Оркестр Ресей, Америка, Жапония, Германия, Австрия елдерінде концерттер қойып, өз жетістіктерін халықаралық деңгейде көрсете алды.                                                                      
   А. Мұсақожаева 1993 жылдан П. И. Чайковский атындағы халықаралық скрипкашылар конкурсының, Микеланжело Аббадо атындағы халықаралық скрипкашылар конкурсының (Милан, Италия), Абрам Ямпольский атындағы халықаралық скрипкашылар конкурсының (Дубна, Ресей) қазылар алқасының мүшесі болды. Мәскеу, Алматы, Бішкек консерваторияларының профессоры ретінде Айман Қожабекқызы жан-жақты табысты педагогикалық жұмыс жүргізіп келеді. Шәкірттерінің арасында көптеген халықаралық және республикалық лауреаттар бар. Профессор А. Қ. Мұсақожаева Еуропада, Америкада, Оңтүстік Кореяда халықаралық шеберлік сыныптарын жүргізеді. 
   Музыка өнерінің биігінен көріне алған музыкант ҚР Халық әртісі (1986), Халықаралық шығармашылық академиясының академигі (1998), ЮНЕСКО-ның «Әлем әртісі» құрметті атағын (1998) алды. 2000 жылы әдебиет, өнер және сәулет номинациясы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. 2002 жылы ҚР меценаттар клубының шешімімен «Ақ алтын Тарлан» («Платиновый Тарлан») жүлдесін алды. 2002 жылы Айман Мұсақожаеваның есімі Кембридж университетінің жыл сайын жариялайтын «ХХ ғасырдың 2000 атақты музыканты» IBS Бүкіләлемдік Құрметті тізіміне еніп, өнердегі жетістіктері мен әлемдік музыка мәдениетіне жасаған қызметі үшін аталған орталықтың медалімен марапатталды.                                                                                                       
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасынан күйтабақтар, кітаптар, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан скрипкашы, профессор, Қазақстанның халық әртісі А. Мұ-сақожаеваның  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 
 
   Кітап көрмесіне келіңіздер!

 


 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование