KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885099
2019 жылы:  18814
бүгiн:  1
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.03.2018

   2018 жылғы 15 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда режиссер, Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтың 80 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.   
   Райымбек Ноғайбайұлы 1938 жылы 2 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
   1955 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «актерлік» бөлімін бітірген.
   1960 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қызметке алынады. Осы театрда жүріп: Н.Гогольдің «Үйленуінде» Кочкарев; Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» Адвокат, Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» Сұңғат, Ш.Айтматовтың «Ана – жер - Анасында» Жайнақты, М.Байджиевтің «Жекпе-жегінде» Әзизді, М.Әуезовтың «Қарақыпшақ Қобыладысында» Бірсімбайды, У.Шекспирдің «Оттеллосында» Касиосын және «Асауға тұсауында» Люченцио сынды т.б рөлдерді шебер сомдады.
   Мәскеудегі театр иниститутының режиссерлік бөлімін бітірген.
1982 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Жастар мен балалар театрын басқарды. Жастар театрындағы алғашқы қойылымы Ә.Тауасаровтың «Аса құрметті Икс» комедиясы. Кейін М.Әуезовтың 1954 жылы жазылып, бірақ жарыққа шықпаған «Алуа» драмасын сахналады. Осы еңбегі үшін 1984 жылы Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің бұйрығымен Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Сонымен қатар, Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқтысын», Ш.Мұртазаның «Қызыл жебесін» және Т.Рұсқұловтың бейнесін, «Сталинге хат», «Бесеудің хатын» сахнаға әкелген дарынды театр режиссері.
   1995 жылы кіндік қаны тамған жері, түркі халқының рухани астанасы Түркістанға театр ашуды мақсат етті.
   2000 жылы Райымбек Ноғайбайұлының бастамасымен Қазақстан театрларының қатырына ең жас Түркістан музыкалық драма театры қосылды.
   Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Құрмет» орденінің  иегері. Түркістан қаласының Құрметті азаматы.
   Кеш аясында өмірі мен шығармашылығына арналған «Өнер тарланы» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кешке белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, туыстары қатысты.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование