KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057735
2019 жылы:  123270
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.03.2018
   2018 жылғы 27 наурызда Н. Дәулетова атындағы залда Халықаралық театр күніне орай М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдарының «Искусство казахов в аспекте общетюркских культурных традицийй», «Қазақ сахнасының шеберлері: Шығармашылық портреттер», «ХХІ ғасырдағы қазақ театры: дәстүр және инновация», «Мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылығындағы өнердің рөлі мен орны», «Қазақстанның заманауи театр үдерісіндегі Фестивалдің халықаралық байланыс ретіндегі рөлі» атты жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
   Бұл кітаптар бүгінгі театртану ғылымына қосылған қажетті зерттеулер болуымен қатар ұлттық театр өнерін зерттейтін мамандарға, мәдениеттанушыларға, театр өнері мен мәдениетінің тарихына қызығушылық танытатын жалпы жұртшылыққа арналған.
   Кітап авторлары - республикадағы белгілі театр, музыка, кино өнері саласының зерттеуші мамандары М.Аманкелді, Г.Жұмасейітова, А. С.Еркебай, Р.Ерғалиева.
   Тұсаукесерге қатысушылар: жазушы-драматург, ҚЖО драматургия секторының меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА профессоры Сұлтанәлі Балғабаев, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Г.Орда, филология ғылымдарының докторы Н.Б. Ақыш, «М. Әуезов ғылыми орталығының» директоры, филология ғылымдарының кандидаты Д.Қонаев, сондай-ақ бүгінгі қазақ мәдениеті мен өнеріндегі белгілі танымал тұлғалар, әдебиеттанушылар мен театртанушы ғалымдар, студенттер, БАҚ өкілдері.  
 
   
 
     
     
                                          
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование