KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15057979
2019 жылы:  123514
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.03.2018

   2018 жылғы 13 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда Наурыз мерекесін жаңа ұлттық үлгіде ауқымды етіп өткізу жөнінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек» деген бастамасын қолдау мақсатында «Жаңғыруға жастардан үндеу» атты дөңгелек үстел өтті.

   ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аталмыш сұхбатында Наурызға қажет іргелі ізденістерді атап өтіп,  сегіз ұсыныс жасаған еді.
   Дөңгелек үстелге ҚР Ұлттық кітапханасы, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры және Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жастары қатысты.
   Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы,  «Серпер» жастар сыйлығының иегері   Жантілеуова Аида, ҚР Ұлттық кітапханасы Жастар кеңесіТөрағасының орынбасары Әбішева Раушан, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік  академиялық драма театрының актерлары Тинбаев Жанат пен Дайыров Еркебұлан өз ойларын ортаға салды.
   Шараны Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының иегері Бақыт Тушаев жүргізді.

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование