KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058064
2019 жылы:  123599
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.03.2018

   2018 жылға 13 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда түркі әлемінің аса көрнекті, ойшыл ақындарының бірі Юнус Эмренің қазақ тіліндегі «Жырлар» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Юнус Эмре - Анадолыдағы Қожа Ахмет Иасауи жолын қуған сопылық мектептің негізін қалаушы, түрік ақыны. Өмірі жайлы нақты деректер жоқ. Кейбір ескі қолжазбаларда оның хижра бойынша 720 ж. 82 жасыңда қайтыс болғандығы жазылған. Бұл деректерді оның өз шығармалары да («Насихаттар кітабы») растайды. Жүніс Әміренің қай жерде жерленгені белгісіз. Түркияның әр түрлі аймақтарында Жүніс Әміреге арналып кұлпытастар қойылып, мазарлар салынған. Өлеңдерін Қожа Ахмет Иасауи жолымен халыққа Ислам қағидаларын түсіндіру үшін жазған.
Сопылық поэзияның аса көрнекті өкілдерінің бірі Юнус Эмренің жырлары толыққанды түрде қазақ тіліне тәржімаланып, тұңғыш рет қазақ оқырмандарына жол тартып отыр.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Тұсаукесер рәсіміне ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов, Ахмет Ясауи атындағы университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз, жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев, жазушы Смағұл Елубаев және т.б зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кештің модераторы болған белгілі ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы.

     
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование