KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885185
2019 жылы:  18900
бүгiн:  1
қазiр:  1
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.03.2018

   Әлем әдебиеті оқу залында атақты орыс жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Алексей Максимович Горькийдің туғанына 150 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Алексей Максимович Горький - атақты орыс жазушысы, драматург, публицист, қоғам қайраткері, ойшыл. Автор туындылары революция тақырыбы бойынша әдебиет саласының Нобель сыйлығын иеленген. 1968 жылы 28 наурызда Нижний Новгородта орта шаруа отбасында дүниеге келді. Максим Горькийдің есімі – Алексей Максимович Пешков. Әлем поэзиясына және әдебиетіне жетелеген оның әжесі.
   Нижний Новгород училищесінде  барлығы екі жылдық арнайы оқу оқыды. Жазушы
В. Г. Короленконың белсенді атсалысумен жаңа деңгейде  қалыптасты. 1893-1895 жылдары Приволжье баспасөзінде жазушының бірнеше әңгімелері жарияланды. Олар: «Челкаш», «Месть», «Старуха Изергиль», «Песня о соколе» және т.б. Оның алғаш жарыққа шыққан  әңгімесі «Макар Чудра» (1892 ж.), бүркеншік аты «Максим Горький».
   Оның белгілі шығармалары мен пьесалары: «Мещане», «На дне», повестері: «Детство», «В людях», «Мои университеты» жобасы, аяқталмаған роман-эпопеясы  «Жизнь Клима Самгина», сондай-ақ көптеген әңгіме циклдері. Ол «Сказка про Иванушку-дурачка», «Воробьишко»,  «Самовар», «Сказки об Италии»  және т.б. сияқты балалар ертегілерін де  жазды. А.М. Горький балаларға ерекше назар аударды,  мереке күндеріне орай  кедей отбасыларына  балалар журналын шығарды. Үш ірі баспаны — «Знание», «Парус» және «Всемирная литература» басқарды.  Жазушы 1906-1913 жылдары өмір сүрді.  Бұл уақытта жазылған көптеген шығармаларының қатарында: «Последние», «Васса Железнова» пьесалары, «Лето», «Городок Окуров» повесі,  «Жизнь Матвея Кожемякина» романы бар.
   1931 жылы жазушы әдеби-қоғамдық қызметіне түпкілікті оралды. Оның бастамасы бойынша әдеби журналдар құрылды және кітап баспаларынан  кітап сериялары жарыққа шықты  («Жизнь замечательных людей», «Библиотека поэта» және т. б.). 1934 жылы ол I-ші  Бүкілодақтық Жазушылар съезінде  ұйымдастырушы ретінде сөз сөйледі.       
   ҚР Ұлттық кітапханасының кітап көрмесінде  автордың қазақ, орыс, ағылшын, неміс және басқа тілдерде әр жылдардағы басылымдары ұсынылды.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование