KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885204
2019 жылы:  18919
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.04.2018
  2018 жылғы 4 сәуір Н.Дәулетова атындағы залда жазушы, аудармашы, түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтің туған күніне орай еске алу кеші өтті.

  ҚР Ұлттық  кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясындағы Н.Келімбетовтің еске алу кешінде жазушылармен және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының «Үміт үзгім келмейді» спектаклін сомдаған белгілі актерлармен кездесу өткізді.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары М.М. Бигельдиева ашты. Кешті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Әлібек Асқар жүргізді.
   Немат Келімбетов (1937-2010) – Қазақстанға белгілі ғалым, педагог, түркология ғылымы бойынша кеңінен танылған іргелі зерттеу еңбектерінің авторы. Н.Келімбетовтің  атақты кітаптарының бірі − «Үміт үзгім келмейді» повесть-монологы күнделікті күрес пен қиыншылыққа қарсы тұра білудің сыры тақырыбына арналады. Жазушы төсек тартып жатса да үмітін үзбей, басына түскен ауыртпашылықты жеңіп, өзіне ғана емес, өзгелерге де тірек бола білген адам жанының қайсарлығын көрсететін әдеби образ жасай білді. 
 Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Н.Келімбетовтың өмірі мен шығармашылығына арналған безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ Н. Қасымбекова шолу жасады.
   Сөз сөйлегендер: жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елубай Смағұл, жазушы, баспагер Р.Мәжінқызы, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлары: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Шынар Асқарова, Толғанбай Жалғас, Жоламан Әміров, ғалым-филолог, қоғам қайраткері Асылы Осман және т.б.  Театр актерлары «Үміт үзгім келмейді» спектаклінен үзінді көрсетті.
   Іс-шараға қатысқандар: зиялы қауымдар, оқырмандар, кітапханашылар, Алматы қ. студенттері мен оқушылары.

     

       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование