KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885171
2019 жылы:  18886
бүгiн:  1
қазiр:  74
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.04.2018

   Мерзімді басылымдар оқу залында «Қазақ тілі мен әдебиеті »  ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналының 60 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.          

   «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 1958 жылдан 1959  жылдың қараша айына дейін шығып тұрған. Алғашқы бас редакторы
Т.Ақшолақов болды. Журналдың  басты мақсаты- Партияның XX съезі қаулысына сай мектептерімізде оқу-тәрбие  жұмыстарын
жақсартуда, ана тілі мен  әдебиет пәнін оқытудың сапасын арттыруда мұғалімдер қауымына ғылыми және әдістемелік көмек беру.   
   Ол 1991 жылы қайта шығы бастады. Журналдың «Көкейтесті көзқарас», «Қазақ әдебиетіндегі: озық тәжірибелер мен ортақ әдістер», «Оқулыққа қосымша», «Жас маманға жәрдем», «Тіл тарихы мен теориясы», «Әдебиет тарихы мен теориясы», «Өнеге сағаты», «Сабақтан тыс тәрбие», «Оңаша ой отауы», «Ұлттық тәлім-тәрбие: рухани уыз», «Лингвистикалық көмек: сөз төркіні», «Ел қазынасы - ескі сөз» және т.б. тұрақты айдарлары қалыптасқан.    
   1994 жылы шілдеде ғылыми тәлім-тәрбиелік «Ұлағат» қосымшасы жарыққа шыға бастады. Бұл Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ғылыми-психологиялық  және педагогикалық  мәселелерге арналған тұңғыш басылым.
   2001 жылдың басында журналдан орыс мектептеріне арналған  республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті    орыс мектептерінде - Казахский язык  и литература в русской школе» журналы  бөлініп шықты. 
   Көрмеге Қазақстан Республикасы  Ұлттық кітапханасының  қорынан  әр жылдардағы  «Қазақ тілі мен әдебиеті»  журналына  арналған мерзімді басылымдар беттеріндегі танымал жазушылар мен журналистердің мақалалары ұсынылған.
 
   Сіздерді көрмеге шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование