KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885241
2019 жылы:  18956
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.03.2018

   2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары К. Авелбекова мен Г. Нүсіпбекова  Көкшетау қаласында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы кітапханалардың рөлі» атты Ақмола облыстық кітапханаларының  семинарына қатысып қайтты.

   Cеминардың мақсаты - еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, ақпараттық технологияны дамытудағы кітапханалардың рөлін арттыру, халқымыздың мәдени және рухани құндылықтарын насихаттау және дамыту, сонымен қатар Ақмола облыстық кітапхана мамандарының арасында тәжірибе алмасуды нығайту болып табылды.
   Семинарда  Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қорын толықтыру,  кітап қорын есептен шығару, республикалық  кітапханалардың  классификациялық жүйесінің дамуы мен  халықаралық  әмбебап ондық жіктеуге өтуі жайлы, сонымен қатар QR-кодты қолдану туралы  бірқатар  мәселелер қозғалды.
   ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары WEB-RABIS автоматтандырылған кітапханалық және ақпараттық жүйесінің «Толықтыру» модулінде сабақ өткізді.
   Семинар аясында «Достар» мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру» көрме залының тұсаукесері болып өтті.
   Семинарға қатысушылар үшін қалалық ақпараттық-кітапханалар жүйесінің филиалдарына (ҚАКЖ) экскурсия ұйымдастырылды.
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары осындай шараларға қатысуы арқылы республикадағы кітапхана ісінің жағдайы мен дамуына озық инновациялық технологияларды енгізуге, тәжірибе алмасуға және кітапхана саласындағы өзекті мәселелерді зерделеуге жәрдемдеседі.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование