KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885211
2019 жылы:  18926
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.04.2018

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» қоғамдық - саяси газетінің  100 жылдығына  арналған  көрме ұйымдастырылды.

   «Звезда Прииртышья» газеті - Павлодар облыстық әкімдігі мен  мәслихатының органы. 1918 жылдың 7 сәуірінен бастап шыға бастады. Газет 1920 жылдан бастап  уездік , 1929 жылдан аймақтық ,  1930 жылдан бастап  аудандық 
басылым ретінде шығарылды. Газет Павлодар облысындағы баспа басылымдарының бірі бола отырып, бірнеше рет атауын өзгертті. 1918-1919 жылдары газет алғаш  «Объединение» атауымен аптасына екі-төрт  рет шыққан. Газеттің  толық емес екі айда 43 нөмірі: біріншісі – 1918 жылғы 7 сәуірде, соңғысы  1918 жылғы 2 маусымда шықты.  Газеттің редакторы бұрынғы «Красный Павлодар»  газетінің редакциялық алқа мүшесі Степан Иванович Полозов болды. Содан кейін әр жылдарда «Известия Павлодарского революционного комитета» (1919-1920ж.ж. газет редакторы С.Батурин), «Большевик » (1920-1922 ж.ж.), «Степной пахарь» (1922-1929 ж.ж.), «Советская деревня» (1929-1930 ж.ж.), «Колхозный путь» (1930-1938 ж.ж.), «Большевитский путь» (1938-1953 ж.ж.), «Павлодарская правда» (1953-1963 ж.ж) , соңғы 35 жылда қазіргі атауымен шығып келеді. Оның бүгінгі  басты мақсаты - идеологиялық қайта құруды  қамтамасыз ету. Бірақ  әрқашанда журналистер шынайы өмірден алынған оқиғаларды оқырмандарға  жеткізуді өз назарында ұстайды. Газет  беттерінде  біздің  қоғамның  негізгі  даму  кезеңдері көрініс тапқан: ұжымдастыру мен индустрияландыру, Ұлы Отан соғысы, егеменді Қазақстанның қалыптасуы және оны дамыту жолдары  мен реформалары. «Звезда Прииртышья» газеті – Павлодар облысының  тарихы . Олар өз алдына бір баспа билік органы  болғандықтан, атауларының өзгеруі объективті себептерге байланысты, түрлі мақсаттары мен міндеттерінен туындады . «Звезда Прииртышья»  әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды орындауды, белсенді түрде салауатты қоғамдық пікірді насихаттайды және насихаттап келеді, XXI- ғасырдың белсенді азаматтық  ұстанымдарын қалыптастырады. Газет тұтас журналистер шоғырын тәрбиелеген, қазір біздің облыста емес  таяу және алыс шетелдерде жауапты лауазымдарда қызмет атқарады.
Газет марапаттары:- 1968 жылы Қазақ ССР-нің «Құрмет Белгісі»;
- 2006 жылы орыс тіліндегі «Үздік аймақтық газет» номинациясы бойынша  «Алтын жұлдыз» сыйлығы;
2008 жылы газеттің 90 жылдығына орай тарихи материалдар, журналистердің естеліктері, мұрағаттық және қазіргі заманғы суреттер жинақталған «Звезда судьбы моей...» кітабы  жарық көрді.
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  газеттің  мерейтойлық  және ерте жылдардағы сандары, танымал жазушылар мен журналистердің мерзімді басылым  беттеріндегі газеттің  дамуына арнаған  мақалалары  ұсынылған .
   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование