KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885182
2019 жылы:  18897
бүгiн:  1
қазiр:  77
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.04.2018

   2018 жылғы 6 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ұжымның Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы С.К. Иманқұловамен және ұйымның Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының  төрайымы С.Н. Нұрғалықовамен кездесуі өтті.
   С.К. Иманқұлова Қазақстан бойынша кәсіподақ мүшелерінің саны, салалық кәсіподақ ұйымдарының қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен жасалған салалық келісім және Қазақстанның облыстары бойынша мәдениет және спорттық кәсіподақ ұйымдарының жұмысы мен міндеттері төңірегіндегі сұрақтарға тоқталып, жаңа еңбекақы, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» заңы және т.б. жайлы айтып өтті.
   Ұжым Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қызметкерлерінің еңбекақысы, кітапхана қызметкерлеріне арналған жеңілдіктер мен сыйақылар, сонымен қатар, Мәдениет, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымына әлеуметтік-экономикалық саладағы жұмысты күшейтуді ұсынды.

     

                                         

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование