KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058510
2019 жылы:  124045
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.03.2018

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жанында құрылған Каталогизатор мектебі 2018 жылғы өз қызметін жалғастыруда. 19-23 ақпан және 26-30 наурыз аралығында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, «Ғылым ордасы» РМК ғылыми кітапханасынан, «Қазақ балық шауашылығы ғылыми-зерттеу институты»  ЖШС-нан 52 кітапханашы маман дәріс алды.

    Тыңдаушылар библиографиялық және авторитеттік жазбаларды жасау ережелерін реттейтін халықаралық және ұлттық құжаттармен, сондай-ақ каталогтаудың негізгі ережелерімен және жалпы ережелермен, нақты құжат түрлерін каталогтау ерекшеліктерімен танысты. Тәжірибелік сабақтарда ноталарды, картографиялық, бейнелеу материалдарын, электрондық ресурстарды, диссертацияларды, авторефераттарды, сондай-ақ күрделі кітаптарды, мысалы, аударылмалы кітап, екі, үш тілдегі кітап, түрлі конференциялардың материалдары және топтық өңдеу сияқты құжаттарды каталогтау мәселелері қарастырылды. Тыңдаушылар грампластинкаларды сандық форматқа ауыстыру технологиясына және оның библиографиялық жазбаға бекітілуіне белсенді қызығушылық танытты.
   Тыңдаушыларға Ұлттық кітапхана жасаған Web-РАБИС жүйесінің 5 модулі көрсетілді. Мамандар Web-РАБИС-тің ұқсас жүйелерден артықшылығын жоғары бағалап, жұмыс істеу мүмкіндіктерінің кең екенін атап өтті. Атап айтқанда: авторитеттік файлдарды жасау және жүргізу, көмекші көрсеткіштермен автоматты түрде библиографиялық көрсеткіштерді қалыптастыру, толықмәтінді және гипермәтінді мәліметтер қорын құруды қолдау, электрондық каталогтардың мобильді құрылғылар арқылы қолжетімділігі. Кітапхананың негізгі көрсеткіштері бойынша кітапханалық, бухгалтерлік есепті және статистикалық үлгілерді басып шығару мүмкіндігі.
   Тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмысымен танысты.

     

     

     

 

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование