KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885015
2019 жылы:  18730
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.04.2018

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі жазушы, аудармашы, журналист-публицист, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Жұмағали Ысмағұловтың 90 жасқа толуына орай «Жанымда жүр мың жалын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Жұмағали Ысмағұлов 1928 жылы 17 сәуірде Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Соналы ауылында туған. 1951ж. С.М.Киров атындағы  Қазақ Мемлекеттік  университетін, 1961 ж. КОКП ОК жанындағы ( Москва) Қоғамдық  ғылымдар академиясының аспирантурасын бітірген.
   Ж.Ысмағұлов өзінің еңбек жолын 1943-1946 жж. Қостанай облысы Семиозер ауданының баспаханасында әріп теруші, аудандық газетте жауапты хатшы болып бастаған. 1949-1952 жж. сол кездегі «Қазақстан коммунисі» журналының бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1952-1954 жж. «Үгітші блокноты» журналының редакторы, 1954-1958 жж. Қазақстан КП ОК үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, 1961-1963 жж.
«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1963-1965 жж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бөлім меңгеруші, 1965-1969 жж. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газеті редакторының орынбасары, 1969-1973 жж. Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтында аудару секторының меңгерушісі, 1973-1987 жж. КазТАГ директорының орынбасары, 1987-1996 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер және абайтану бөлімінің меңгерушісі  болды.
   Ж.Ысмағұлов Абай Құнанбаевтың шығармаларын зерттеумен айналыса жүріп, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов кітаптарының қайта басылып шығуы бойынша жауапты редактор болды.
Автордың шығармалары: «Маржан мен махаббат» (1965), «Облик современника» (1970), «Абай: ақындық тағылымы» (1994), «Абай: Даналық дәрістері» (2007), «Алтын ғасырдың ақ таңы» (2009) және т. б.
   Ж.Ысмағұлов көркем шығармаларды аударумен белсене айналысты. Қазақ тіліне аударылған белгілі классиктердің шығармалары: О.Бальзактың «Үзілген үміттер», Стендальдың «Қызыл мен Қара», Ю.Бондаревтің «Жағалау» және «Таңдау», В.Анчишкиннің «Арктика аңызы», В.Дальдың «Бөкей мен Мәулен», Э.Казакиевичтің «Көк тәптер» және т.б.
   «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті» жинағының шығуына атсалысты (1997).
Ы.Жұмағұловтың қоғамдық және қызметтік жолы мемлекеттік және үкіметтік наградалармен:  «Халықтар достығы» (1981) және «Құрмет белгісі» (2005) ордендерімен және алғыс хаттармен марапатталған. Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер (1992), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996).
   Жұмағали Ысмағұлов 2011 жылы 14 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болды.
   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ж.Ысмағұловтың шығармалары,  оның өмірі мен қызметі туралы материалдар, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары қойылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование