KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884931
2019 жылы:  18646
бүгiн:  1
қазiр:  74
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.04.2018

   Әлем әдебиеті залында  Америка жазушысы, прозашы, драматург Генри Джеймстің туғанына  175 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Генри Джеймс -  Америка жазушысы, прозашы, драматург. Құрама Штаттардағы романшылардың ішіндегі ең танымалы. Ол 1843 жылғы 15 сәуірде Нью-Йоркте дүниеге келді. 1862 жылы Гарвард құқық мектебіне түсті, алайда көп ұзамай оқуын тастап, жазушылықпен айналысты. Алғашқы әңгімесі 1865 жылы «Атлантик мысли» баспасында  басылды. 1869 жылы ол алғаш рет өзі Еуропаға, бірінші  Лондонға,  содан кейін Еуропалық құрлыққа саяқатқа шықты. Шет елде өткізген жылдар оған өткен және жаңа күннің қақтығысы жайлы «интернационалдық тақырып» берді. АҚШ-қа  оралғаннан кейін Д. Генри  өзінің бірінші «Опекун и опекаемая» романын жариялады. 1871 жылы оның алғашқы «Пламенный пилигрим» новелласы жарық көрді. Ертеректегі әңгімелерінде америкалық тұрмыс-тіршілік пен мінез-құлық бейнеленген. Оның шығармашылығына Ч. Диккенс, О. Бальзак, Н. Готорн үлкен ықпал етті. Д. Генри  өзін Флобермен, Мопассанмен таныстырған ол өзі пір тұтатын Тургеневпен араласты. 1876 жылы Англияға қоныс аударып, дәл осы жерде оның ең атақты романдары жазылды. Викториан қоғамының қайраткерлері,  атақты романшы  АҚШ-тың мәдени елшісі ретінде ұғынып, өздерінің қоғамына қуана қабылдады. 1881 жылы америкалық  психологиялық реализмнің шыңы болып саналатын  Джеймс шығармашылығындағы «тургенев» кезеңінің шегін қоятын «Женский портрет» және «Вашингтонская площадь» атты екі романы шықты. Америкалық және еуропалық мәдени дәстүрлердің қақтығыстары көрінісінде әйел махаббатының қайғылы қиын-қыстау кезеңі бейнеленеді.
   1890-1895 жылдары Джеймс үлкен шығармашылық дағдарысты басынан өткерді. Ол реалистік романның уақыты ырыққа көнбей өтіп жатқанын сезіп, өзін драматург ретінде сынап көруге бел буды. «Американец» сахналық қойылымы суық, бірақ сыпайы қабылданды. ХХ ғасырдың «Крылья голубки», «Послы», «Золотая чаша» атты көлемді романдарында ол кейіпкерлердің санын азайтып, оларды психологиялық шиеленіскен жағдайға қояды, нағыз драмалық көрініс әңгімелеу барысында ашылады. Джеймс әдеби тұрғыда саналы түрде сыналған жазушылардың бірі болды, ол баяндаудың жаңа тәсілін пайдаланып, өмірді жаңаша көруге, суреттеуге талпынды.
   Джеймстің шығармашылығы үш негізгі мәселемен шектелген: американдық шындық пен дөрекіліктің қарама-қарсы қойылуы - еуропалық жалғандық пен талғампаздық өнер мен ақиқат арасындағы жанжал; жақсылық пен жамандықты анықтаудағы моральдік белгілердің психологиялыққа алмасуы.
   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан орыс және ағылшын тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылды.

   Кітап көрмесіне  шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование