KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884887
2019 жылы:  18602
бүгiн:  1
қазiр:  76
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.04.2018

    2018 жылғы 24 сәуірде атақты ұйғыр жазушысы, саяхатшы және публицист Исмаилжан Иминовтың «Қашқардың әңгімелері» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тұсаукесері өтетін Исмаилжан Иминовтың «Қашқардың әңгімелері» атты жаңа кітабы көптеген жылдар бойы орыс, ұйғыр және қазақ тілдерінде мерзімді баспасөзде жарияланған әңгімелер мен эсселерді қамтиды. Автор өзінің кейіпкерлерінің қиын да қызықты тағдырымен таныстырады және 1918 жылдың мамыр-маусым айларында болған Жетісудағы қайғылы оқиғалар туралы баяндайды.
   Өз халқы туралы үлкен махаббатпен шебер әңгімелей білетін Исмаилжан Иминовтың бұл кітабы ерекше назар аударуға және оқуға сөзсіз тұрарлық. Бұл жинақтың оқырмандардың ұлтына және дініне қарамастан лайықты бағаланатынына күмән жоқ.
   Исмаилжан Әбдіқадырұлы Иминов 1959 жылы 12 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданының Фабричный ауылында (қазіргі Қарғалы ауылы) туған. Қарғалы атындағы №2 орта мектепті бітіргеннен кейін пионер жетекшісі болып жұмыс істеді. 1978 жылы ҚазНУ-дың филология факультетіне түсті. 1983 жылы университетті бітірген соң, туған ауылындағы мектептерде мұғалім, оқу-әдістемелік бөлімінің директоры болды. Көптеген жылдар бойы ол Қарғалы орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді. Елу жасында, 2009 жылдан бастап, әңгімелер, саяхат жазбалары, очерктер, эсселер, ертегілер, публицистикалық және танымал ғылыми мақалалар жаза бастады. Қазақстан мен Ресейдегі қазақ, ұйғыр және орыс тілдеріндегі басылымдарда белсенді түрде жарық көріп отырды: «Мысль» және «Мир путешествий» журналдарының тұрақты авторы. 300-ден астам жарияланымдардың авторы. 2014 жылы Қазақ ұлттық географиялық қоғамының Қашқарияға (Қытай ШҰАР) жасалған «Ш. Уәлихановтың керуен жолымен» экспедициясының ғылыми жетекшісі болды.
   Еңбектері: "Моя Кашгария" (2014 ж.), "Родники моего детства" (2014 ж.), "По караванному пути великого Чокана" (2015 ж.), «Путешествие по Алтышару» (2016 ж.), «В Туве, где предков древний род…» (2016 ж.), «Арал: в поисках потерянного моря» (2017 ж.), «Бірінші Қарғалы...» (2017). Оның кітаптары қазақ, ұйғыр және ағылшын тілдеріне аударылған.
   Кітаптың тұсаукесер рәсімін ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ажар Хамитқызы Юсупова ашты. Кештің модераторы белгілі қытайтанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хафизова Клара Шайсұлтанқызы болды.
   Сөз сөйлегендер: кітап авторы И. Иминов, Қарғалы ауылдық округінің әкімі Д. Тұрысбеков, Алматыдағы Ресей Федерациясының консулы И. В. Переверзева, филология ғылымдарының докторы В.У. Махпиров, медицина ғылымдарының докторы және профессор Т. Супиев және т.б. қонақтар. 

     
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование