KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14884892
2019 жылы:  18607
бүгiн:  1
қазiр:  76
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.04.2018

   2018 жылғы 20 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасы Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Алматы полиграфиялық колледжінде Алматы қаласының мәдени ұйымдары арасында спорттық іс-шара (мини-футбол) болып өтті.

   Аталмыш спорттық жарыс Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығы аясында ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – елдегі  мәдени және спорттық жастар ұйымдары арасында деструктивті діни идеология туралы дұрыс стереотип қалыптастыру, этносаралық және конфессияаралық  қысымның алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының күшін топтастыру, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ерекшеліктеріне негізделген мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық моделін одан әрі дамытудың бағыт-бағдарын тұжырымдау болып табылады.
   Спорттық іс-шараға М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жас әртістері, ҚР Ұлттық кітапханасының өкілдері және Алматы полиграфиялық колледжінің ұстаздары мен студенттерінен құралған командалар қатысты.
   Ойын нәтижесінде, Алматы полиграфиялық колледжінің «Мамандар» құрамасы жүлделі 3-орынға, ҚР Ұлттық кітапханасының «Алматы арландары» командасы жүлделі 2-орынға ие болса, асқан шеберлікпен әсерлі ойын көрсеткен М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының «Әуезов құрамасы» 1-орынды жеңіп, ойын кубогын иеленді. Сонымен қатар, Алматы полиграфиялық колледжінің «Студенттер» құрамасы да ойын барысында белсенділік танытқандары үшін алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушыларға ҚР Ұлттық кітапханасының естелік сыйлықтары табысталды.   

       

                                         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование